Қазақстан мен Палестина ынтымақтастықтың жаңа беттерін ашуда

11550
Фотосурет: Gov

Қазақстан Елшісі Палестина Президентіне сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбайдың еліміздің Палестинадағы Елшісі қызметін қоса атқарушы ретінде Палестина Мемлекетінің Президенті Махмуд Аббасқа сенім грамоталарын тапсыру салтанатты рәсімі өтті.

Амман қаласында өткен салтанатты рәсімнен кейін Палестина Президентінің ресми қабылдауы болды. Оның барысында Қазақстан-Палестина қатынастарын нығайтудың негізгі мәселелері талқыланды. Кездесуде Палестинаның Премьер-министрі – Сыртқы істер және экспатрианттар істері жөніндегі министрі Мұхаммед Мұстафа және Палестина Президентінің дипломатиялық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Магди Әл-Халиди қатысты.

Елші Президент М.Аббасқа ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемін жеткізді. Сонымен қатар Елші ретінде Қазақстан мен Палестина арасындағы достық қарым-қатынастарды екіжақты негізде және халықаралық ұйымдар шеңберінде әрі қарай дамыту үшін бар күш-жігерін жұмсайтындығына сендірді.

Өз кезегінде Палестина Президенті 2022 жылғы қазан айындағы Астанаға сапарын жылы лебізбен атап өтіп, Қазақстан Президентіне ізгі тілектерін жолдады.

М.Аббас екіжақты ынтымақтастықтың игілігі жолындағы ҚР Елшісінің қызметіне жемісті жұмыс тіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -