Бельгия компаниялары Қазақстанның агроөнеркәсіптік нарығына келеді

2277
Фотосурет: Gov

Қазақстан мен Бельгия азық-түлік өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Марғұлан Баймұхан бельгиялық азық-түлік өнеркәсібі өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізіп, өзара пайдалы сауда және инвестициялық ынтымақтастықты орнату мүмкіндіктерін талқылады.

Негізгі назар Қазақстанның астық экспорты және астық дақылдарын терең өңдеу саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктеріне аударылды. Осы контексте елші Қазақстандағы инвесторларды қолдау механизмдері және Орталық Азия мен Еуропалық одақ арасындағы көлік-логистикалық байланыстардың дамуы туралы айтты.

2024 жылы Қазақстанда астық дақылдарының рекордтық егінін жиналғанын атап өткен «Maselis» компаниясының басшысы Патрик Маселис Қазақстанның ауылшаруашылық өнімдерінің жоғары сапасын атап өтті.

Сондай-ақ М.Баймұхан 1856 жылы негізі қаланған «De Halve Maan» сыра зауытының жетінші ұрпақ иесі Ксавье Ваннестемен кездесті. Бельгияның сапалы сыра өнімдерін өндіру саласындағы дәстүрлі сәтті тәжірибесін ескере отырып, компания басшысы Қазақстанның сыра нарығында сауда-өндірістік ретте қатысуға шақырылды.

«Dossche Group» компаниясының басшылығымен болған кездесуде Қазақстанның азық-түлік өнеркәсібіндегі ынтымақтастық және инвестициялар үшін жаңа бағыттар қарастырылды.

Бельгиялық кәсіпкерлер Қазақстанның шаруашылық субъектілерімен коммерциялық байланыстар орнатуға қызығушылық білдірді. Қазақстандық пен бельгиялық компаниялар арасында бірқатар коммерциялық және инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында нақты келіссөздер жүргізу жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді.

«Maselis» компаниясы – 1829 жылдан бері еуропалық азық-түлік өнеркәсібі үшін астық өнімдерін жеткізетін ірі компания. «Dossche Group» – 1911 жылы құрылған, Еуропадағы үш ең ірі ұн тарту компаниясының бірі болып табылатын жеке отбасылық компания. Компанияның жылдық айналымы 800 млн еуродан асады, экспорт географиясы 50-ден астам шетелдік нарықты қамтиды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -