Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшылары Тайланд астанасы Бангкокта өткен Азия Кубогында Қазақстан құрамасына төрт алтын және күміс медаль сыйлады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Турнирдің жалпы медаль есебі келесідей: қазақстандықтар 12 алтын, 9 күміс және 4 қола медальмен оралды. Оңтүстік Корея спортшыларының қоржынында 7 алтын, 4 күміс және 7 қола медаль бар. Сингапурлық мергендер 3 алтын, 4 күміс және 2 қола медаль ұтып алды.
Әскерилер арасында алтын медальдарды қатардағы Ислам Сатпаев (пневматикалық мылтық, 10 метр, командалық есеп) және Қарулы күштердің әскери қызметшісі Юрий Юрков (калибрлі мылтық, 50 метр, жатып ату жағдайында, жеке және командалық есепте) жеңіп алды.
Күмістен алқа тағынғандар қатарында Қарулы күштердің әскери қызметшісі Валерий Рахымжан (пневматикалық тапанша, 10 метр) және қатардағы Ислам Сатпаев (пневматикалық мылтық, 10 метр, жеке есеп), әскери қызметшілер Юрий Юрков (калибрлі мылтық, 50 метр, үш жағдай, жеке есеп), Валерия Попелова (пневматикалық тапанша, командалық жарыс) бар.
Айта кету керек, Азиядағы ең ірі ұлттық мергендер жарысында 23 елден 300-ден астам спортшы қатысқан.