СІМ-де БҰҰ-мен бірлескен негізгі жобалардың дамуы талқыланды

1507
Фотосурет: Gov

Қазақстан СІМ-де БҰҰ Даму бағдарламасымен өзара іс-қимыл талқыланды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Тұрақты өкілі Катаржина Вавернямен кездесу өткізді.

Сұхбат барысында тараптар БҰҰДБ-мен, оның ішінде өңірлік және екіжақты бастамалар шеңберінде ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен болашағын жан-жақты талқылады.

Р.Василенко БҰҰДБ-мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға және ҚР мемлекеттік органдарына техникалық қолғабыс көрсетуге бағытталған нақты жобаларды қаржыландыру желісі бойынша өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.

Өз тарапынан К.Ваверня өзара іс-қимылдың жоғары динамикасын құптады және ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша одан әрі өзара іс-қимыл жасауға дайын екенін білдірді.

Кездесу соңында сұхбаттастар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша диалогты қолдауға келісті.

БҰҰ Даму бағдарламасы – ҚР аумағында жұмыс істейтін БҰҰ-ның ең ірі агенттігі. Оның қызметі 2021-2025 жылдарға арналған Елдік бағдарламамен және Орнықты даму мақсатында ынтымақтастық туралы келісіммен реттеледі. Елдік бағдарлама ынтымақтастықтың төрт негізгі бағытын қамтиды: әлеуметтік осалдық пен теңсіздік проблемаларын шешу; мемлекеттік мекемелердің тиімділігін арттыру және есептілігін күшейту; экономикалық өсуге жәрдемдесу; климаттың өзгеруіне қарсы күрес және төмен көміртекті дамуға жәрдемдесу.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -