Эстония мен Қазақстан цифрлық технологиялар мен логистиканы дамытуға басымдық береді

1496
Фотосурет: Gov

Қазақстан мен Эстония әріптестігінің жаңа перспективалары белгіленді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Эстонияның Қазақстандағы Елшісі Яап Орамен кездесу өткізді.

Ынтымақтастықтың динамикалық әрі қарқынды дамуын назарға ала отырып, тараптар екіжақты форматтағы және түрлі халықаралық алаңдардағы әріптестіктің қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады. Сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, көлік, логистика және цифрландыру саласындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Сұхбаттастар 2025 жылғы 23-24 қаңтарда Таллинде өткен Экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Эстония үкіметаралық комиссиясының 7-ші отырысының қорытындыларына мұқият тоқталды (ҮАК тең төрағалары – ҚР Көлік министрі М.Қарабаев және ЭР Сыртқы істер министрі М.Цахкна).

Министрдің орынбасары іс-шара барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру Астана мен Таллин арасындағы қатынастарды одан әрі тереңдету үшін маңызды екенін атап өтті.

Тараптар ортақ мүдделілік танылатын түрлі салалардағы тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екенін білдірді. Бұған қоса биік және жоғары деңгейдегі сапарларды дайындау мәселелерін қоса алғанда, 2025 жылға арналған іс-шаралар кестесін талқылады.

Кездесу соңында Р.Василенко эстон дипломатын Эстония тәуелсіздігінің 107 жылдығымен құттықтап, оның халқына бейбітшілік, өркендеу мен аманшылық тіледі.

2024 жылы Қазақстан мен Эстония арасындағы сауда көлемі 71,7 млн АҚШ долларын құрады, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен (157,5 млн долл.) 54% аз. ҚР-дан экспорт 38,7 млн долл., ҚР-ға импорт 33 млн долл. құрады. 2012 жылдан бері Эстониядан ҚР-ға 98,3 млн АҚШ доллары соммасына тікелей инвестициялар тартылды. 2024 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Эстониядан Қазақстанға 13,6 млн доллар көлемінде инвестициялар тартылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -