Қазақстан мен Катардың ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілуде

1463
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Дохаға сапары барысында Қатар Сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министрі Сұлтан Әл-Мурейхимен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, жоғары деңгейде саяси диалогты одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.

Осы орайда былтыр Доха және Астана қалаларында екі мемлекет басшылары арасында өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың, оның ішінде бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған келісімдердің орындалу барысы талқыланды.

Сапар аясында қазақстандық делегация Қатар Сауда және өнеркәсіп министрінің орынбасары Мұхаммед Хасан Әлзақскимен де келіссөздер жүргізді.

Сұхбаттастар екі ел басшыларының нұсқауына сәйкес өзара сауда айналымын арттыру және экономикалық серіктестікті нығайту бойынша ортақ іс-қимылды күшейту бағыттары жөнінде пікір алмасты.

Биыл Астанада жоғары деңгейдегі бірлескен үкіметаралық комиссияның кезекті отырысын өткізу және Іскерлік кеңестің жұмысын жандандырудың маңыздығына назар аударылды.

Қатарлық «UCC Holding» компаниясының жобалар жөніндегі атқарушы директоры Мехмед Өзозанмен өткен кездесуде 2024 жылғы 20 наурызда екі ел үкіметтері қол қойған Негізгі салалардағы жобаларды дамыту үшін ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестік орнату туралы келісім аясындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -