Қазақстан мен Словакия: ынтымақтастықты кеңейтудің жаңа перспективалары

1639
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Қазақстандағы Словакия Республикасының Елшісі Роберт Кирнагпен екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен ағымдағы жылға арналған жоспарлар бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кездесу барысында дипломаттар Қазақстан мен Словакия арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары жөнінде пікір алмасты. Әсіресе сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейтуге, сондай-ақ энергетика саласындағы серіктестікті нығайтуға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, мұнай мен газ жеткізу саласындағы ынтымақтастық талқыланды және Словакияның саладағы бай тәжірибесін ескере отырып, атом энергетикасын дамыту бойынша өзара іс-қимыл перспективалы бағыт ретінде қарастырылуда. Бұдан бөлек әскери-техникалық, ауыл шаруашылығы және IT салаларындағы өзара тиімді ықпалдастықтың әлеуеті дәстүрлі түрде жоғары екені аталып өтті.

2024 жылы Астанада өткен Қазақстан-Словакия экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының 10-шы отырысының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға ерекше назар аударылды (ҮАК тең төрағалары: қазақ тарапынан – Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бірінші вице-министрі Нұркен Шәрбиев, словак тарапынан – Экономика министрлігінің мемлекеттік хатшысы Владимир Шимоняк).

Тараптар биылғы жылы биік және жоғары деңгейдегі өзара сапарларды жандандыру арқылы серіктестікке қосымша серпін берудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша екіжақты қатынастардың толық әлеуетін іске асыру үшін тараптар жұмыс байланыстарын қолдауға дайын екенін растады.

Отандық статистика бойынша Қазақстан мен Словакия арасындағы өзара сауда көлемі 2024 жылы 140,3 млн АҚШ долларын құрады (+1,3%), соның ішінде экспорт – 2,9 млн долл., импорт – 137,4 млн долл. көлемінде. 2005 жылдан 2024 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстанға Словакиядан 22 млн доллар көлемінде тікелей инвестиция салынды. Қазақстанда словак капиталының қатысуымен 34 кәсіпорын қызмет етеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -