Тоқаев Оңтүстік Кореяға көңіл айтып, қолдау білдірді

4543
Фотосурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Корея Президентінің міндетін атқарушы Хан Док Суға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Оңтүстік Корея елінде болған алапат өрт салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны мен табиғат апатының қоршаған ортаға тигізген зияны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

"Осындай ауыр сәтте қайғыларыңызға ортақтасып, барша Корея халқына, бақи болған азаматтардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Жарақаттанған адамдардың тез арада сауығып, отбасыларына оралуына тілектеспін. Корей халқының төтенше жағдайдан туындаған қиыншылықтарды тез арада еңсеретініне кәміл сенемін" Қасым-Жомарт Тоқаев

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -