Қазақстан мен Ұлыбритания: бірге тұрақты энергетикалық болашаққа

1562
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Кэти Лич ханыммен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары және энергетика секторындағы ортақ басымдықтар талқыланды.

Тараптар энергетикалық инфрақұрылымды дамыту мен тұрақты энергетикалық ауысым мәселелеріне, сондай-ақ жаһандық климаттық мақсаттарды ескере отырып, энергоресурстарды сенімді жеткізу мен аймақтық ынтымақтастықтың маңыздылығына ерекше назар аударды.

Кэти Лич ханым Қазақстанның мұнай-газ секторын декарбонизациялау және 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша атқарып жатқан жұмысына жоғары баға берді. Сонымен қатар, Қазақстанның Метан бойынша жаһандық міндеттемеге қосылуын және «Hydrogen Breakthrough Agenda» бастамасы аясында сутегі энергетикасын дамыту жөніндегі қадамдарын ерекше атап өтті.

Ерлан Ақкенженов жаһандық энергетикалық мәселелерді шешуде халықаралық әріптестіктің маңыздылығын атап өтті. Осы тұрғыда ол Қазақстанның энергия теңгерімін әртараптандырудағы жаңартылатын және сутегі энергетикасының рөлін ерекше атап өтіп, ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мен инвестиция тартудың маңызды екенін айтты.

«Біз өз әріптестігімізді жоғары бағалаймыз және оны одан әрі нығайтуға ниеттіміз. Қазақстан энергетика секторын жаңғыртып, көмірқышқыл газын азайту шараларын жүзеге асырып, жаһандық климаттық бастамаларға үлес қосуда. Бізде жасыл технологиялар мен инвестициялар саласында бірлесіп жұмыс істеу үшін үлкен мүмкіндіктер бар, және бұл ынтымақтастық екі ел үшін де тиімді болатынына сенімдімін» Ерлан Ақкенженов

Кездесу барысында тараптар Орталық Азияның тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында су-энергетикалық бағдарламалар саласындағы аймақтық ынтымақтастықтың маңыздылығын да талқылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -