Астанада Қазақстан мен Қытайдың әскери ынтымақтастығының перспективалары талқыланды

2959
Фотосурет: Gov

Астанада ҚР Қорғаныс министрінің Қытай елшісімен кездесуі өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хан Чуньлинмен хаттамалық кездесу өткізді. Тараптар әскери саладағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен келешегін талқылады.

Кездесу барысында бітімгерлік қызмет, кадрлар дайындау, жауынгерлік даярлық және әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері қозғалды. Қорғаныс министрі Қазақстан мен Қытай арасындағы әскери саладағы өзара іс-қимыл деңгейін атап өтіп, қарым-қатынастарды әрі қарай нығайтуға дайын екенін білдірді.

Кездесу нәтижесінде тараптар әскери қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың оң серпін алғанын тілге тиек етіп, конструктивизм мен өзара тиімділік қағидаттарына негізделген диалогты қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -