Қазақстан мен Пәкістан: диалогтан-бірлескен инфрақұрылымдық жобаларға

1782
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Пәкістан Ислам Республикасының Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Сайед Асим Мунирмен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Тараптар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы серіктестіктің жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, екі ел арасындағы сауда-инвестициялық және көлік-логистикалық ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударды.

Атап айтқанда, екіжақты іскерлік байланыстардың әлеуетін ашуға ықпал ететін транзит-көліктік өзара іс-қимылын кеңейту мүмкіндіктері және осы бағыттағы нақты жобалар қарастырылды.

М.Нұртілеу ауыл шаруашылығы, логистика, денсаулық сақтау, фармацевтика және ақпараттық технологиялар салаларындағы бірлескен жобаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -