Қазақстандық дипломаттар Беларусь жерінде соғыс батырларын еске алды

1705
Фотосурет: Gov

Қазақ дипломаттары Жеңістің 80 жылдығына орай ағаш отырғызу акциясына қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Первомайская агроқалашығында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында «Халықаралық бейбітшілік пен жад бағы» жобасы аясында «Слава Победителям» сортының 80 түп алма ағашы отырғызылды.

Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен жауынгерлерді еске алуға арналған іс-шараға Қазақстаннан бөлек Ресей мен Тәжікстанның өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасының Брест қаласындағы Бас консулы Мақсат Ибраев «Халық Қаһарманы», Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы, «Халық Қаһарманы» Рақымжан Қошқарбаев пен Брест қамалының қорғаушысы Матқали Дәуренбаевтың құрметіне 3 түп алма ағашын отырғызды.

Қазақстан Бас консулы өз сөзінде қазақстандықтардың алғашқы күннен-ақ ең кескілескен шайқастарға, Брест қамалын, Мәскеу мен Ленинградты қорғауда, Сталинград пен Курск шайқастарында қатысқанын атап өтті.

Қазақстаннан 500-ге жуық жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын алса, оның 84-і Беларусь жерін азат ету жолындағы шайқастарда осы жоғары атаққа ие болғаны қазақтардың ерлігінің дәлелін атап өтті.

Сонымен қатар қазақстандықтар майданда ғана емес, тылда да ерлік көрсетті. Соғыс кезінде Қазақстан майданды қару-жарақпен, оқ-дәрімен, отынмен, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Ұлы Отан соғысындағы Қызыл Армияның он оқтының тоғызы қазақстандық қорғасыннан құйылған.

«Халықаралық бейбітшілік және жад бағы» Брест облысы Березовский ауданы Первомайская агроқалашығындағы Кеңес Одағының Батыры И.Волосевич атындағы орта мектеп алаңында орналасқан.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -