Қазан қаласындағы қазақ диаспорасы «Жүрекке түскен із» атты еске алу кешін өткізді

1221
Фотосурет: Gov

Қазанда Жеңіс күнінің 80 жылдығына арналған естелік іс-шаралар өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстанның Қазандағы Бас консулдығы Қазанда аккредиттелген шет елдердің дипломатиялық өкілдіктерімен бірлесіп, Қазан мэриясының, Ресей Федерациясы СІМ-нің Қазандағы өкілдігінің және Жастар дипломатиясы академиясының ұйымдастырушылық қолдауымен Ғылыми қалашығының аумағында ағаш отырғызу рәсіміне және Жеңіс күнінің 80 жылдығына арналған «Добрая Казань» қайырымдылық жобасына қатысты

Бұдан басқа, Қазақстанның Қазандағы Бас консулы Ерлан Ысқақов жетекші шетелдік және ресейлік ғалымдардың, федералдық және өңірлік билік органдары өкілдерінің қатысуымен Татарстан Республикасының Ғылым академиясы мен оның бейінді институттары – Тарих институты, Татар энциклопедиясы және өңіртану институты ұйымдастырған «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы халықтар мен өңірлер тағдырында» атты II Халықаралық ғылыми конференцияға қатысты.

Конференция аясында Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінің негізгі мәселелері, майдандағы ұрыс қимылдарына армия мен флоттың қатысуы, соғыс жылдарындағы еңбек ерлігі және тыл өңірлерінің жеңіске қосқан үлесі, КСРО халықтарының, оның ішінде Қазақстанның соғысқа қатысуы, соғыс жылдарындағы әлеуметтік және мәдени процестер, соғысқа қатысушылар мен оқиғалар туралы есте сақтау және басқа да аспектілер талқыланды.

Сонымен қатар «Қазақстан» ұлттық-мәдени автономиясының жастар қанаты «Память сердца» әдеби кешін қазақ халқының ерлігі мен Ұлы Жеңіске қосқан үлесіне арнады.

Іс-шараға қатысушылар белгілі қазақ классиктерінің өлеңдері мен музыкалық шығармаларын ұсынды.

Қазақстандық дипломаттар мен диаспора Қазан мэриясы бастамашылық еткен рәсімдер мен гүл шоқтарын қою аясында Екінші дүниежүзілік соғыстың жауынгерлері мен батырларын еске алды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -