Казахстан Еуропа Кеңесі аясында Хорватиямен ынтымақтастықты нығайтуда

1342
Фотосурет: Gov

Қазақстан мен Хорватия парламенттік ынтымақтастықты жандандыруда, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстанның Хорватиядағы Елшісі Дәулет Батырашев Хорватия Парламентінде Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) Вице-Президенті – Хорватия делегациясының басшысы Марко Павичпен кездесу өткізді.

Тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, соның ішінде бірқатар бірлескен іс-шаралар мен сапарларды, Қазақстан мен Хорватияның экономикалық және гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылын, сондай-ақ екі ел парламенттерінің ынтымақтастығын жандандыру жөніндегі қадамдарды талқылады.

Елші хорватиялық депутатты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы кешенді реформалармен, сондай-ақ өңірлік және жаһандық проблемаларды шешу жөніндегі қазақстандық тәсілдермен таныстырды.

Қазақстан мен Хорватияның жалпыеуропалық тректегі мәселелеріне, сондай-ақ Қазақстанның Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясымен, қоса алғанда демократиялық қағидаттарды ілгерілету мәселелерінде өзара іс-қимылына ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда тараптар еуропалық институттармен сындарлы диалогты одан әрі дамытуға өзара мүдделілігін растады.

М. Павич Қазақстанда соңғы уақытта жүргізіліп жатқан оң өзгерістерді құптап, Хорват тарапының Қазақстанның бастамаларын еуропалық деңгейде қолдауға және елде болып жатқан процестер туралы объективті ақпаратты ілгерілетуге жәрдемдесуге дайындығын растады.

Сұхбаттастар Еуропа Кеңесінің «2024-2027 жылдарға арналған көршілік саясаты шеңберінде Қазақстанмен ынтымақтастықтың басымдықтары» бағдарламасын жүзеге асыруға жан жақты ықпал етуге келісті.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан, Еуропалық Одақ және Хорватия арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастығы тек жоғары бағыт бойынша дамитындығы туралы міндеттеме расталды. Парламентаралық диалогты қолдау және екі ел парламенттерінің іскерлік, мәдени және білім беру байланыстарын жандандыруға жәрдемдесу туралы қағидатты уағдаластықтарға қол жеткізілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -