Татарстан Қазақстанмен ғылыми және білім беру ынтымақтастығын дамытуға мүдделі
Қазақстанның Қазандағы Бас консулы Ерлан Ысқақов пен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаев Татарстан Раисі Рустам Миннихановпен кездесті.
Кездесу барысында ЖОО-ның Татарстанның ғылыми-білім беру кешенінің ұйымдарымен ынтымақтастығын одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасылды. Атап айтқанда, тараптар биотехнология мен медицина, химия және жаңа материалдар, ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект, сондай-ақ әлеуметтік гуманитарлық ғылымдарды дамыту, дала Еуразиясы халықтарының тарихы мен мәдениетін зерделеу бойынша перспективалы бағыттардағы ынтымақтастықты кеңейтуге келісті.
Қазақстан-Ресей қатынастары шеңберінде Қазақстан мен Татарстанның бірлескен білім беру жобаларын іске асыру, докторанттар мен аспиранттардың Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) елдерінен жас ғалымдарды университетке тағылымдамаға тартуға бағытталған ҚФУ ғалымдарының «Лобачевский» академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу қажеттігі расталды.
Сонымен қатар делегация Татарстан Республикасының Ғылым академиясы мен 322 қазақстандық студент оқитын Қазан федералдық университетінде болды.
Кездесу соңында ынтымақтастықты дамытуға, жәрдемдесуге, Татарстан делегациясын Қазақстанға тәжірибе алмасу және зерделеу, ғалымдардың халықаралық іс-шараларға қатысуы бойынша жіберу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.