Мадридтегі таныстырылым: Қазақстан – Шығыс пен Батысты тоғыстырған Ұлы Жібек жолының күре тамыры

1089
Фотосурет: Gov

«Атенео де Мадрид» беделді мәдени орталығында Испанияның тарих ғылымдарының докторы Ева Тобалинаның «Жібек жолдары: Шығыс пен Батыстың кездесу тарихы» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Іс-шара ашық өзара іс-қимыл форматында өтіп, кең аудиторияны – дипломаттарды, БАҚ өкілдерін және тарихи әдебиет әуесқойларын жинады.

Тұсаукесер барысында Қазақстан Елшісі Данат Мұсаев, Өзбекстан Елшісі Фаррух Тұрсынов пен Қытай Елшісі Яо Цзин сөз сөйледі. Олар өз үндеулерінде Ұлы Жібек жолының Шығыс пен Батыс өркениеттері арасындағы байланыстырушы буын ретіндегі бірегей тарихи және мәдени маңыздылығын атап өтті.

Д.Мұсаев өз сөзінде Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуының негізгі кезеңдеріне тоқталды. Атап айтқанда, Жошы Ұлысының құрылуына, Жібек жолының гүлдену кезеңінде Түркістанның және қазіргі Қазақстан аумағында болған басқа да тарихи қалалардың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Қазақстандық қоғамның ажырамас ерекшелігі болып табылатын дінаралық келісім сөздің жеке тақырыбы болды. Осы тұрғыда Елші Қазақстанның диалог үшін маңызды халықаралық алаңға айналған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезін өткізу жөніндегі бастамасы туралы айтып берді.

Сондай-ақ, қазақ дипломаты қатысушылардың назарын қазіргі заманғы «Жаңа Жібек жолы» - Еуропа мен Азия арасындағы инфрақұрылымды дамытуға және көлік дәлізін нығайтуға бағытталған Транскаспий халықаралық көлік бағытына аударды. Ол қатысушыларға осы саладағы негізгі жобалар туралы және Қазақстанның жаһандық логистикалық жүйедегі маңызды буын ретіндегі өсіп келе жатқан рөлі туралы ақпарат берді.

Іс-шара аясында Қазақстан Елшілігі еліміздің туристік әлеуетін де таныстырды. Көрермендер еліміздің көркем табиғи пейзаждары мен мәдени көрікті жерлерін көрсететін бейнероликпен таныса алды.

Кеш соңында доктор Ева Тобалина испан аудиториясының сұрақтарына жауап беріп, өзінің жаңа кітабының мазмұнына қызығушылық танытып, Жібек жолдары тақырыбының заманауи дискурстағы өзектілігін растады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -