Қазақстанда франциялық компаниямен бірлесіп сүт безі обырының скринингі бойынша жоба іске асырылуда, деп хабарлайды DKnews.kz.
Астанада сүт безі обырын ерте анықтауға бағытталған FASEP пилоттық жобасының іске қосылуы өтті. Жоба Францияның C3Medical компаниясымен бірлесіп, Республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығының базасында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
MEAE / Emily Bücker
3D-томосинтез функциясы бар цифрлық маммограф — тіндердің тығыздығы жоғары әйелдерде де ісіктерді ерте кезеңде дәл анықтауға мүмкіндік беретін озық визуализациялық жүйе.
MEAE / Emily Bücker
Жабдық үш медициналық ұйымға: Республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығына, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтына, Астана қаласындағы №7 қалалық емханаға қойылды.
MEAE / Emily Bücker
«Бұл аппарат диагностиканың сапасын арттырып, жалған оң нәтижелердің санын азайтып, ісіктер анықталған пациенттерге тиімді динамикалық бақылау жүргізуге жол ашады деп сенеміз. Бүгін біз еліміздегі әйелдер денсаулығын жақсарту жолында маңызды қадам жасап отырмыз» ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова
MEAE / Emily Bücker
Бұл бастама «Қазақстанда сүт безі обырының скринингіне арналған диагностикалық визуализация шешімдері» бағдарламасы шеңберінде Франция үкіметі жанындағы дамушы елдерге қолдау көрсететін Француз әлеуметтік көмек қорының қолдауымен жүзеге асырылуда.