Қазақстан сауда және туризм саласына австриялық инвестиция тартуда

2761
Фотосурет: UKIMET

Олжас Бектенов EKAZENT Management GmbH басшылығымен сауда және туризм салаларындағы инвестициялық жобаны жүзеге асыру мәселесін талқылады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Астана халықаралық форумының қатысушылары – аустриялық EKAZENT Management GmbH компаниясының басшылығы: бас операциялық директор Габриэль Константин Кефер, басқарушы директор Норберт Пфундермен кездесу өткізді. Онда Қазақстанның сауда және туристік әлеуетін дамыту бойынша бірлескен жұмысқа көңіл бөлінді.

EKAZENT Management – сауда және аутлет орталықтарын басқару қызметтерінің толық кешенін ұсынатын аустриялық жылжымайтын мүлік нарығындағы көшбасшыларының бірі.

Кездесу барысында ынтымақтастық бағыттары, атап айтқанда, Алматы облысында аутлет орталығын салу бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыру перспективалары талқыланды. Жоба өңірдің сауда және туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған және тек Қазақстаннан ғана емес, көршілес елдерден де сатып алушыларды тартуға арналған.

Орталықтың құрылысы шағын және орта бизнесті дамуытуға, инвестиция тартуға және тауар айналымын арттыруға тың серпін береді. 

Тараптар Қазақстанда заманауи коммерциялық жобаларды, оның ішінде дамыған логистикалық инфрақұрылымды жүзеге асыру үшін барынша қолайлы жағдай жасалғанын атап өтті. Туристік әлеуеті мен өңірдің ірі экономикалары: Қытай, Ресей және Орталық Азия елдері маңында қолайлы географиялық орналасуы Қазақстан нарығын анағұрлым тартымды етіп отыр.

Кездесу соңында қатысушылар жобаны іс жүзінде іске асыруға дайын екендерін жеткізді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -