Қазақстан мен Иордания Амманда экономикалық әріптестікті кеңейту мәселесін талқылады

4510
Фотосурет: Gov

Амманда Қазақстан мен Иордания арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстанның Иорданиядағы Елшісі Талғат Шалданбай Иорданияның Өнеркәсіп, сауда және жабдықтау министрі Яруб Әл-Қудамен кездесу өткізді.

Сұхбат барысында басты назар Қазақстан мен Иордания арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың практикалық мәселелеріне, оның ішінде тауар айналымын ұлғайтуға, логистикалық аспектілерге және қазақстандық өнімді Иордания нарығына жылжытуға аударылды. Екі елдің салалық мекемелері бірлесіп пысықтау үстіндегі ауыл шаруашылығы, энергетика, фармацевтика және т.б. салалардағы ағымдағы бастамаларды іске асыру жөніндегі қадамдар жеке талқыланды.

Осы тұрғыда Елші Министрге Қазақстан бидайын экспорттау мәселелері жөніндегі Қазақстан-Иордания жұмыс тобын құрғаны үшін алғысын білдіріп, оның қызметін жандандыру қажеттігін және оның кездесуін Астанада өткізудің орындылығын атап өтті.

Тараптар екі елдің министрліктері мен салалық құрылымдары арасындағы жемісті өзара іс-қимылды атап өтіп, агроөнеркәсіптік кешен және өнеркәсіптік өнімді өзара жеткізу саласындағы ынтымақтастықты әрі қарай кеңейтуге мүдделілігін растады.

Кездесудің негізгі тармақтарының бірі Астанада 2025 жылғы тамыз айына жоспарланған Қазақстан-Иордания Бизнес-форумын өткізуге дайындық болды. Елші иордан тарапынан жауапты өкілдерді алдын-ала анықтаудың және ресми тұлғаларды, іскер топтар мен салалық қауымдастықтардың өкілдерін қамтитын делегация құруға бастамашы болудың маңыздылығын атап өтті.

Я. Әл-Қуда бизнес-форум өткізуге мүдделілігін растады және ұйымдастырушылық мәселелерді қамтамасыз етуге және иордан тарапынан жауаптыларды үйлестіруге дайындығын білдірді. Екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту үшін тұрақты іскерлік диалогтың ерекше маңызын атап өтіп, Министр Елшіге екіжақты ынтымақтастықты айтарлықтай жандандырғаны үшін алғысын білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар белсенді жұмыс байланыстарын жалғастыруға және талқыланған барлық бағыттар бойынша үйлестіруді қолдауға келісті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -