Қазақстан мен Финляндия сараптамалық ынтымақтастығын кеңейтуде

3608
Фотосурет: Gov

Қазақстан мен Финляндия сараптамалық байланыстарды кеңейтуде, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимов Александр институтының директоры Маркку Кангаспуромен кездесті.

Кездесу барысында тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, көзқарастарымен және бағаларымен алмасты. Сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын қарастырды. Сараптамалық және ақпараттық материалдарды бірлесіп пайдалануды, зерттеулер, сұхбаттар, тағылымдамалар бағдарламаларын және өзара сапарларды қоса алғанда, екі елдің талдау орталықтары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Қазақ дипломаты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалармен, сондай-ақ көпвекторлы тәсілді және Астана ілгерілетіп отырған негізгі халықаралық бастамаларды қоса алғанда, елдің сыртқы саясатының ағымдағы бағыттарымен егжей-тегжейлі таныстырды.

М. Кангаспуро жаһандық және өзекті сын-қатерлердің бірлескен шешімдерін іздеу үшін елдер арасындағы диалогты нығайтудағы Қазақстанның маңызды рөлін атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -