Шетелдік әскери қызметшілер Қазақстанда тілдік дайындықтан өтті

2508
Фотосурет: Gov

Ұлттық қорғаныс университетінде шетелдік тыңдаушыларға тілдік курсты аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Орыс тілін даярлау курсының тыңдаушыларын шығару рәсіміне Қазақстандағы Түркия, Франция елшіліктерінің жанындағы әскери атташелер подполковник Шенер Кименче мен полковник Роберт Аземанн қатысты.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабековтың тілдік даярлық курсынан өту туралы бұйрығы жария етілгеннен кейін тыңдаушыларға сертификаттар табыс етілді.

"Біздің оқу орнымыздың қабырғасында достастық армияларының офицерлерін оқыту елдер арасындағы байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін арттыруға ықпал етеді" Генерал-майор Асқар Мұстабеков

Түлектердің атынан түрік майор Өзтүрік Ресул мен француз офицері майор Валет Реви ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің оқытушылар құрамына тілдік дағдыларды дамытуға қосқан үлесі және оқу барысында жан-жақты қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -