Бітімгерлер Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті

2882
Фотосурет: Gov

БҰҰ UNDOF миссиясының жауапкершілік аймағындағы Голан жоталарында қазақстандық бітімгерлік контингент Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты митинг өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Мерекелік іс-шара барысында Мемлекеттік ту көтеріліп, Әнұран орындалды.

Тәуелсіздікті, халықтың бірлігі мен Отанға деген мақтанышты бейнелейтін мемлекеттік рәміздердің маңызы атап өтілді.

Қазақстандық бітімгерлер жырақта жүріп, халықаралық аренада бейбітшілік пен қауіпсіздік ісіне үлес қосу арқылы мемлекеттік құндылықтарды сақтап, әрі құрметтеп келеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -