Ядролық инжиниринг саласындағы жетекші әлемдік тәуелсіз компаниялардың бірі Assystem Қазақстан Республикасының атом-энергетикалық бағдарламасын іске асыруда қолдау көрсету мақсатында «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС (ҚАЭС) техникалық кеңесшісі рөліне ие болды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Assystem АЭС жобасын іске асыру үшін инжиниринг, жобаны басқару және құрылыс жұмыстарын кешенді ұсынуда және қадағалауда ҚАЭС техникалық кеңесшісі қызметін атқаратын болады. Компания атом энергетикасын дамыта бастаған көптеген елдермен, соның ішінде Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы және Түркиядағы жақында жүзеге асқан жобаларды қамтитынын ескерсек, Assystem халықаралық атом энергетикасы саласында теңдесі жоқ тәжірибе алып келеді. Сонымен қатар, Assystem Франция мен Ұлыбританияның ұлттық атом бағдарламаларын үйлестіруде жетекші орын алады.
Қазақстанда атом энергетикасын дамыту «Қазақстан-2050» Стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Оның мақсаты электр энергиясының қазіргі уақытта шамамен 70 %-ын құрайтын көмір мен мұнайға тәуелділікті азайтып, баламалы көздерден электр энергиясын өндіру үлесін 50 %-ға дейін жеткізу. 2025 жылдың басынан бастап Assystem озық халықаралық тәжірибе негізінде үлес қосып, АЭХА ұсынымдарына (NP-T-1.10) сәйкес технологияларды таңдау үшін ҚАЭС әдіснамасын жетілдіруді қолдайды.
Assystem Group Бас директорының орынбасары Стефан Обарбье: «Біз Қазақстанмен оның жаңа атом энергетикалық бағдарламасы аясында ынтымақтастық орнатқанына қуаныштымыз. Assystem командасы осындай маңызды бағдарламаға қатысуға қуанышты және оның АЭХА және ҚАЭС талаптарына сәйкес келетін қауіпсіз әрі тиімді жүзеге асырылуына ерекше назар аударады».