Қазақстан Бішкекте бюджетті басқаруда цифрлық тәжірибе ұсынды

1199
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қызметкерлері 2025 жылғы 18-19 маусымда Бішкек қаласында (Қырғыз Республикасы) өткен Мемлекеттік қаржыны басқару саласындағы тәжірибе алмасу жөніндегі III халықаралық конференцияға қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Конференция жұмысына Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және Тәжікстанның қаржы министрліктері мен ғылыми-талдау институттарының өкілдері қатысты.

Конференция барысында бюджетті жоспарлау және атқару, оның ішінде мемлекеттік сатып алу және бюджеттік процесске цифрлық шешімдерді енгізу мәселелері талқыланды.

Іс-шара аясында "Қазақстан Республикасының бюджетін жоспарлау және орындау кезіндегі цифрлық технологияларды дамыту трендтері" тақырыбында ҚР Қаржы министрлігінің цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры Әлихан Әбілғазинов баяндама жасады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -