Marvel, «Джон Уик» және «Неудержимые» фильмдерінің актері Скотт Эдкинс Астанаға келеді! Биылғы Comic Con Astana фестивалі бұрын-соңды болмаған ауқымда өтпек. Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет мерекесі жаңа деңгейге көтеріліп, әлемдік кино жұлдыздарын, әйгілі блогерлерді, авторлық жобаларды және халықаралық серіктестерді біріктіріп отыр. Фестиваль 2025 жылдың 9–13 шілдесі аралығында өтеді және алғаш рет екі бірдей ауқымды алаңда ұйымдастырылады: «Астана-Арена» стадионы мен «Барыс-Арена» мұз сарайы, деп хабарлайды DKnews.kz.
Скотт Эдкинс — фестивальдің басты қонақтарының бірі
Comic Con Astana ұйымдастырушылары тағы бір әлемге танымал голливудтық қонақтың есімін жариялады. Фестивальдің үшінші хедлайнері — Скотт Эдкинс, британ актері және жауынгерлік өнер шебері. Ол Marvel фильмдерінде, экшн жанрындағы блокбастерлер мен культтік франшизаларда орындаған әсерлі рөлдерімен бүкіл әлем көрермендерінің жүрегін жаулап алған.
Скотт Эдкинс жанкүйерлердің сүйіспеншілігіне тек актерлік шеберлігімен ғана емес, сонымен қатар жекпе-жек көріністеріндегі тамаша хореографиясымен ие болды. Оның шығармашылығында аты аңызға айналған «Неоспоримый» франшизасындағы Юрий Бойка рөлі ерекше орын алады. Сонымен қатар ол «Доктор Стрэндж», «Люди Икс: Начало. Росомаха», «Джон Уик 4», «Неудержимые 2», «Ультиматум Борна» фильмдерінде де жарқырай көрінді.
Оның басқа да танымал жобаларына «Цель номер один», «Универсальный солдат 4», «Дневная смена», «Преступник», «Ип Ман 4», «Розовая пантера» фильмдері мен «Мутанты Икс» телехикаясы жатады. Эдкинстің Астанаға келуі — отандық көрермендер үшін үлкен мүмкіндік: кумирімен жақын танысып, автограф алып, естелік суретке түсуге болады.
Үш голливуд жұлдызы — бір фестивальде
2025 жылы Comic Con Astana өз тарихында алғаш рет бірден үш голливудтық хедлайнерді шақырып отыр. Скотт Эдкинстен бөлек, фестивальге әйгілі актерлер Энди Серкис пен Эсай Моралес қатысады. Энди Серкис — «Сақиналар әміршісіндегі» Голлум, «Маймылдар планетасындағы» Цезарь және «Бэтмендегі» Альфред рөлдерімен танымал, ал Эсай Моралес — соңғы «Миссия: невыполнима» фильміндегі басты зұлым бейнесін сомдады.
Көңіл көтеру, креатив және қауымдастық
Фестиваль тек кино жұлдыздарымен ғана шектелмейді. Арнайы қонақтардың қатарында интернет кеңістігінде танымал тұлғалар да бар:
- видеоблогерлер Qewbite, Мармок, Настя Джексон
- анимациялық веб-сериал Metal Family авторлары Алина Ковалева мен Дмитрий Вдовенко
- «Чёрный Кабинет» YouTube арнасының авторы Артём Гутковский
- суретші Глеб Мельников (Big Gleb)
- YouTube-креатор Johan және басқа да контент жасаушылар
Олар фестиваль қонақтарымен ашық кездесулер, шеберлік сабақтары мен бірлескен жобалар арқылы байланыс орнатады.
Netflix-пен бірлескен жоба: Қазақстан киносы үшін тарихи сәт
Comic Con Astana аясында «Бітім» (La Tregua) халықаралық кинотуындысы таныстырылады. Бұл — Қазақстан мен Испанияның әлемдік прокат пен Netflix стримингтік платформасына арналған алғашқы бірлескен жобасы. Бұл премьера — отандық кино өндірісі үшін үлкен жетістік және халықаралық нарыққа шығудың маңызды қадамы.
Креативті серіктестер және ерекше аймақтар
Фестиваль «Astana Tourism» ЖШС Туризмді дамыту орталығының қолдауымен өтеді. Сонымен қатар, шараны ірі халықаралық брендтер қолдайды:
- Visa — Comic Con 2025-тің ресми серіктесі. Компания шығармашылық пен өзін-өзі еркін білдіруге ерекше назар аударады.
«Біз үшін үлкен өзгерістер шағын қадамдардан басталады — билет сатып алудан бастап косплейге қатысуға дейін. Дәл осы сәттер адамдардың шабыттануына жол ашады», — дейді компания өкілдері.
- Freedom Bank пен Visa бірігіп, келушілер үшін арнайы фотозоналар, эксклюзивті банктік карталар, брендтелген өнімдер және түрлі тосынсыйлар дайындайды. Сонымен қатар, халықаралық косплей байқауында арнайы номинация тағайындалады.
Дәм, көңіл-күй және бала кезден таныс тәттілер
Фестивальге жылдам тамақтану желісі I’M қайта оралады. Бұл жолы ерекше жаңалық — шырынды френч-дог. Бұл дәмді тағам алғаш рет дәл осы фестивальде ұсынылады. Сонымен қатар, келушілер сәнді фотозонада естелік суретке түсіп, ұтыссыз лотерея арқылы сыйлықтар ұтып ала алады.
Chupa Chups бренді де шараға қатысады. Perfetti Van Melle компаниясы дайындаған арнайы аймақта қонақтарды:
- жарқын фотосуреттерге арналған әсерлі инсталляциялар
- фирмалық Chupa Chups стиліндегі дизайн
- тосынсыйлар мен бақыт, балалық шақ дәмін еске түсіретін тәттілер күтеді.
Comic Con Astana 2025 — бұл оқиға
Бұл жай ғана фестиваль емес — бұл адамдарды біріктіретін, шығармашылықты қолдайтын және әрбір қонаққа ұмытылмас сәттер сыйлайтын үлкен мәдени оқиға. Астанада өтетін Comic Con-ға келіңіздер, әлемдік деңгейдегі жұлдыздармен кездесіп, креатив пен технологияны біріктіретін атмосфераға еніңіздер.