Бүгін SCAT әуе компаниясы Шымкент – Сиань бағыты бойынша тікелей тұрақты рейстерді орындауды бастады. Бұл Оңтүстіктегі мегаполистің Қытаймен халықаралық әуе байланысын одан әрі нығайтып отыр. Сиань — Қытайдың ежелгі астанасы әрі аса маңызды мәдени-тарихи орталығы — енді Қазақстан жолаушыларына тікелей, ауысып отырмай жетуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Ал 4 шілдеден бастап Урумшіге тікелей рейстер ашылады. Урумші — Қытайдың батысындағы ірі қалалардың бірі, маңызды іскерлік және көлік тораптарының бірі. Бұл бағыт іскерлік сапарлар үшін де, туристік маршруттар үшін де ыңғайлы шешім болмақ.
Айта кетейік, SCAT Airlines компаниясы Шымкенттен Шанхай, Сеул, Каир, Будапешт және Мюнхен қалаларына да тікелей рейстер орындайды. Осылайша, әуе компаниясының маршруттық желісі негізгі халықаралық бағыттарды қамтып, Шымкентті заманауи авиациялық хабқа айналдыруда.
SCAT әуе компаниясы рейстер географиясын кеңейту бағдарламасын белсенді түрде жүзеге асырып келеді. Жолаушыларға жайлылық, қауіпсіздік және заманауи ұшақтарда жоғары сапалы сервис ұсынылады.
Билеттерді www.scat.kz сайтынан немесе серіктес агенттіктерден брондауға болады.