Бүгін қазақстандық лоукостер FlyArystan халықаралық жаңа бағыт – Алматыдан «Ыстықкөл» халықаралық әуежайына (Тамшы). Бұл бағыттың ашылуымен жолаушылардың Орталық Азиядағы ең танымал курорттардың біріне – бар болғаны бір сағат ұшумен – тез әрі қолжетімді түрде жету мүмкіндігі пайда болды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Рейстер 2025 жылғы 31 тамызға дейін аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Бейсенбі күндері Алматыдан ұшу уақыты – 15:05, Тамшыға қону уақыты – 17:00. Кері рейс 18:00-де ұшып, Алматыға 18:00-де қонады. Жексенбі күндері рейс Алматыдан 13:15-те ұшып, Тамшыға 15:10-да жетеді. Қайтар рейс 16:10-да ұшып, Алматыға 16:10-да келіп қонады.
«Жаңа бағыт FlyArystan-ның халықаралық маршруттар желісін белсенді түрде кеңейтуінің бір бөлігі болып отыр. Шілде айында әуекомпаниямыз Атырау – Ташкент тікелей рейсін де іске қосады, оның алғашқы ұшуы 15 шілдеге жоспарланған. Ұшу географиясының кеңеюі FlyArystan стратегиясының өңірлер арасындағы байланысты нығайту және Орталық Азиядағы туристік әрі іскерлік ағынды арттыруға бағытталғанының айқын дәлелі. Біз жолаушылар тарапынан жаңа бағыттарға деген қызығушылықтың артып жатқанын көріп отырмыз және бұл сұранысқа сай халықаралық бағыттар желісін одан әрі дамытуды жалғастырамыз» Ричард Леджер, «FlyArystan» АҚ президенті
Бір бағытқа ұшу құны «Комфорт» тарифі бойынша 23 317 теңгеден басталады (2025 жылғы 3 шілдедегі баға). Бағаға орын таңдау, 20 кг-ға дейінгі тіркелген жолжүк және өлшемі 56×23×36 см-ден аспайтын 5 кг-ға дейінгі қолжүгі кіреді. Билеттерді FlyArystan мобильді қосымшасы, www.flyarystan.com ресми сайты және туристік агенттіктер арқылы сатып алуға болады.