Ұлттық ұлан жауынгері муайтайдан әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

1672
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

2025 жылғы 8–14 шілде аралығында Таиланд Корольдігінің Бангкок қаласында әскери қызметшілер арасында муайтайдан CISM ұйымының алғашқы әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды DKnews.kz.

Халықаралық додаға Таиланд, Шри-Ланка, Сауд Арабиясы, Түркия, Польша, Иран, Қазақстан, Өзбекстан, Пәкістан, Бахрейн және Бельгия елдерінен 84 спортшы қатысуда.

Бұл беделді жарыста Қазақстан атынан Ұлттық ұланның Орал қаласындағы 5517 әскери бөлімі атқыштар ротасының 2-взводының бақылаушы-маманы қатардағы жауынгер Әли Нәсіпқалиев ел намысын абыроймен қорғап жатыр.

Ол 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетуде. Жоғары деңгейдегі физикалық дайындығының, табандылығы мен жауынгерлік рухының арқасында Әли Нәсіпқалиев іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өтіп, жарыстың жартылай финалына шықты. Осылайша турнирдегі ең мықты спортшылардың қатарына енді.

CISM чемпионатына қатысу еліміздегі армиялық спорттың жоғары деңгейін көрсетіп, Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін арттырып отыр.

Әлиге алдағы жартылай финалда сәттілік, табандылық пен жеңіс тілейміз!

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -