Қазақстан мен Бельгия стратегиялық әріптестікті дамыту бағытын растады

1507
Фотосурет: Gov

Қазақстан мен Бельгия екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бейілділігін растады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшісі Роман Василенко Бельгия Сыртқы істер министрлігінің Протокол қызметінің басшысы Пьер Картювельспен кездесіп, оған сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті.

21 шілдеде аталып өтетін Бельгия Корольдігінің Ұлттық күні қарсаңында Елші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бельгия Королі Филиппке арналған құттықтау хатын табыстады. Мемлекет басшысы өз жолдауында Бельгия халқына амандық пен өркендеу тіледі.

Сұхбат барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын талқылап, саяси диалогты одан әрі дамытуға және сауда-экономикалық, инвестициялық, ғылыми, мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды кеңейтуге ортақ ниет білдірді.

Протокол қызметінің басшысы қазақстандық дипломатты қызметінің ресми басталуымен құттықтап, табыс тіледі.

Кездесу соңында сұхбаттастар Қазақстан мен Бельгия арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында тығыз байланыста болуға уағдаласты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -