Қазақстан COMSATS ұйымымен ғылыми ынтымақтастықты күшейтуде

1452
Фотосурет: Gov

Қазақстан мен «COMSATS» ғылым саласындағы ынтымақтастықты арттыруға ниетті, деп хабарлайды DKnews.kz.

 Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Оңтүстіктің тұрақты дамуы мақсатындағы ғылым және технологиялар жөніндегі комиссияның (COMSATS) атқарушы директоры Мұхаммед Нафис Закариямен кездесті.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Ұйым арасындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын егжей-тегжейлі талқылады, өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту жоспарларын белгіледі.

М.Н.Закария түрлі мамандықтар бойынша тренингтер мен оқыту семинарларын өткізуге, сондай-ақ нанотехнология саласын қоса алғанда, қолда бар зертханаларды ұсынуға және әзірленген IT-шешімдерді көрсетуге дайын екенін білдірді.

Қазақстанның елеулі ғылыми жетістіктерін ескере отырып, «COMSATS» ұйымының басшысы ұйымның іс-шараларының бірін ҚР өткізуді ұсынды.

Өз тарапынан Елші айтылған бастамаларды қолдап, Елшілік тарапынан атқарылып жатқан жұмыс туралы айтып өтті, М.Закарияның «COMSATS» ұйымының қызметін жандандыруға қосқан үлесін жоғары бағалап, ғылым мен технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамытудың, соның ішінде Ұйымға мүше елдердің ғылыми мекемелері мен ғалымдары арасындағы байланысты нығайтудың ерекше маңыздылығын атап өтті.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты ілгерілету мақсатында Елшілік пен «COMSATS» арасындағы өзара іс-қимылды күшейту жөнінде келісімге қол жеткізілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -