Қазақстан Алматыда БҰҰ-ның ТДМ орталығын құруды ұсынды

3234
Фотосурет: Gov

Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін ОДМ бойынша БҰҰ Өңірлік орталығын құру жоспарлануда, деп хабарлайды DKnews.kz.

Орнықты даму жөніндегі жоғары деңгейдегі саяси форум шеңберінде  Нью-Йорк қаласында (АҚШ) қазақстандық делегация басшысы Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі, БҰҰДБ әкімшісінің көмекшісі және БҰҰДБ Еуропа және ТМД елдері бойынша өңірлік директоры Ивана Живковичпен кездесті.

Кездесу барысында вице-министр Асан Дарбаев Қазақстан мен БҰҰДБ арасындағы жемісті ынтымақтастықты, сондай-ақ Ұйымның Астанадағы елдік кеңсесінің құнды үлесін атап өтті.           

Ол сондай-ақ Живкович ханымға Қазақстан өңірлерінде БҰҰДБ-ның қатысуын және жедел қызметін кеңейткені үшін, сондай-ақ БҰҰДБ-ның ОДМ-ны жергіліктендіру жөніндегі Өңірлік даму бағдарламасы үшін алғысын білдірді.
Асан Дарбаев Қазақстанның ерікті ұлттық шолуларын дайындау барысында БҰҰДБ ұсынған техникалық көмек пен сараптама туралы айтты.

Тараптар Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін ОДМ бойынша БҰҰ Өңірлік орталығын құру және оның тиімді жұмыс істеуі мәселесін талқылады.
"Орталықты құру жөніндегі бұл бастама өңірлік күш - жігерді үйлестіру және ОДМ-ға қол жеткізу бойынша бірлескен жобаларды енгізу үшін негізгі платформа ретінде ұсынылады", - деді қазақстандық делегация басшысы.         

Сондай-ақ, Асан Дарбаев Қазақстанның БҰҰДБ-мен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін атап өтті.

Өз кезегінде Ивана Живкович үшінші Ерікті ұлттық шолудың тұсаукесерімен және Орталық Азия мен Ауғанстанда ОДМ-ға қол жеткізу жөніндегі өңірлік орталықтың құрылуы арқылы көрсетілген ОДМ-ға қол жеткізудегі Қазақстанның берік міндеттемесін атап өтіп, БҰҰДБ-ның Қазақстанның тұрақты дамуына қолдау көрсетуді жалғастыруға дайын екенін жеткізді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -