Қазақстанның экологиялық күн тәртібіне БҰҰ қолдау көрсетуде

2915
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі, Қазақстан Республикасының Найробидегі БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы (ЮНЕП) Басқарушы органдарының хатшысы және Басқару кеңсесінің директоры Радхика Очаликпен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Тараптар Қазақстан мен ЮНЕП арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамыту жоспарларын, сондай-ақ қазақстандық делегацияның Ұйымның алдағы іс-шараларына қатысу мәселелерін талқылады.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2026 жылы Астанада өтуі жоспарланған Өңірлік экологиялық саммитке дайындық барысына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар 2025 жылғы 8-12 желтоқсанда Найробиде өтетін БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау Ассамблеясының 7-ші сессиясына қазақстандық делегацияның қатысуына қатысты мәселелер қарастырылды. Ассамблея сессиясының негізгі тақырыбы «Тұрақты планета үшін тұрақты шешімдерді ілгерілету».

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара мүдделі мәселелер бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға келісті, сондай-ақ Қазақстанның БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасымен ынтымақтастығын кеңейту бойынша бірлескен шараларды қарастыруға дайындығын білдірді.

БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау Ассамблеясы - БҰҰ-ға 193 мүше мемлекеттердің барлығының әмбебап мүшелігі бар қоршаған орта мәселелері бойынша шешім қабылдайтын ең жоғары орган. Ол жаһандық экологиялық күн тәртібін белгілеп, жан-жақты саяси көшбасшылықты қамтамасыз етеді және туындайтын экологиялық мәселелерге саяси жауаптарды анықтайды.

БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы (ЮНЕП) – елдерге төмен көміртекті және ресурстарды үнемдейтін экономикаға көшуге көмектесуге, қоршаған ортаны басқару мен заңнаманы нығайтуға, экожүйелерді қорғауға және саяси шешімдер қабылдау үшін ғылыми негізделген дәлелдерді ұсынуға бағытталған әлемдегі жетекші экологиялық ұйым.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -