Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Швейцария Конфедерациясының Қазақстандағы Елшісі Салман Балмен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Министрдің орынбасары Швейцария Қазақстанның Еуропалық серіктестері арасында маңызды орын алатынын және дәстүрлі түрде ел экономикасындағы ірі инвесторлардың қатарына кіретінін атап өтті. Ол тұрақты іскерлік диалогтың, оның ішінде Қазақстан-Швейцария үкіметаралық комиссиясы аясындағы қызметінің маңыздылығын атап, сондай-ақ экология, «жасыл» энергетика және медициналық технологиялар салаларындағы бірлескен жобаларды жандандыруға қызығушылық білдірді.
Тараптар ынтымақтастықтың ағымдағы деңгейіне жоғары баға беріп, екіжақты форматта және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі саяси диалогты одан әрі тереңдетуге өзара мүдделілік танытты.