Tengri Camp: қазақ мәдениеті әлемдегі ең ірі арт-фестиваль Burning Man-д

1529
Фотосурет: Kazakh Tourism

Қазақстан АҚШ-та «Burning Man» фестивалінде таныстырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әлемдегі танымал «Burning Man» фестивалінде қазақстандық Tengri Camp ұсынылды. Жыл сайын өтетін ауқымды шараның географиясы кең және әлемнің түкпір-түкпірінен ондаған мың креаторды, суретші мен зерттеушіні тоғыстырады.

Асхат Мұрат бастаған 20 астам қазақстандық энтузиаст шығармашылық бастама танытып, Блэк-Рок шөлінде «Tengri Camp» деп аталатын қазақстандық кэмп құрды. Хан ордасы үлгісіндегі ауқымды киіз үй - оның басты нышаны. Ол фестиваль үшін арнайы Қазақстанда жобаланды және жасалды.

Биіктігі 6 метр және диаметрі 10 метрді құрайтын киіз үй ұлттық мәдениетті, дәстүр мен тарихты паш етеді. Киіз үйдің іші ұлттық оюлармен безендіріліп, киіз кілемдермен және тұрмыстық бұйымдармен жабдықталған.

Онда сандық, шапан, қамшы, торсық және басқа да ұлттық қолөнер туындылары қойылған. Фестивальге әртүрлі елдерден келген қатысушылар тек мәдениетімізбен танысып қана қоймай, қазақтың қонақжайлылығын сезінді.

«Киіз үйді жеткізуді өз күшімізбен ұйымдастырдық: алдымен автокөлікпен Қытайға, одан әрі теміржол арқылы Гуанчжоуға, кейін пароммен Лос-Анджелеске, ал соңында жүк көлігімен шөлге апардық. Соңғы 10 жылда алғаш рет бұл жерде жойқын дауыл болып, көршілес лагерьлер мен шатырларды ұшырып әкетті. Біздің киіз үй оған төтеп беріп, берік екенін көрсетті. Оның сенімді құрылымы талай ғасырлар бұрын мұқият ойластырылған. Фестиваль барысында көптеген адамдар келіп, ыстықтан біздегі киіз үйде сая тапты. Шетелдік қонақтар мәдениетімізге үлкен қызығушылық танытып, ішіндегі әрбір бұйым туралы сұрады. Біз оларға шапан жауып, домбырамен күй тарттық, ұлттық тағамдарды ұсындық. 1 500-ден астам адамға дастархан жайдық» «Traveler Group» компаниялар тобының негізін қалаушы Сабина Омар

Қазақстанның Burning Man фестивалінде ұсынылуы шетелдік туристердің елімізбен танысуға қызығушылығын арттырады.

Атап өткен жөн, Burning Man - әлемдегі ең ірі арт-фестивальдердің бірі. Ол жыл сайын 70 000–80 000 қатысушыны біріктіреді. Блэк-Рок шөлінде уақытша қала құрылып, онда әртүрлі арт-нысандар мен инсталляциялар жасалады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -