Астанадағы келіссөздер: Қазақстан мен Ресей одақтастық қатынастарды дамытуда

1133
Фотосурет: UKIMET

Олжас Бектенов РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Чернышенкомен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Чернышенкомен кездесу өткізді.

Онда цифрландыру, инновация, спорт, туризм және білім беру  саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелеріне назар аударылды.

Кездесуге қатысушылар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің сенімге құрылған диалогы мен ұдайы хабар алысып тұрғанының арқасында тұрақты экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар орныққанын атап өтті. Екіжақты қатынастар стратегиялық серіктестік пен одақтастық бағытында дамуда.

2025 жылғы қаңтар-маусым аралығында өзара тауар айналымы $12 млрд құраған. Екі мемлекет басшыларының тапсырмасы бойынша өзара сауданы $30 млрд-қа дейін ұлғайту бойынша жоспарлы жұмыс жүруде.

Сапар аясында Дмитрий Чернышенко бірқатар нысандарға барады. Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, сондай-ақ ММУ және ММХҚИ-дың қазақстандық филиалдарының қызметімен танысады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -