Қазақстан СІМ-де Ресей Елшісімен кездесу өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаевтың Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Алексей Бородавкинмен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының өзекті жай-күйі мен даму перспективалары, биік және жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ алдағы екіжақты сапарлар мен бірлескен іс-шаралардың кестесі талқыланды.
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына алдағы мемлекеттік сапарына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар сұхбаттастар өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен көпжақты форматтағы өзара іс-қимыл жөнінде пікір алмасты.