Париж келісімі: Қазақстан мен Корея не туралы келісті?

1210
Фотосурет: Gov

Қазақстан мен Корея арасындағы Париж келісімінің 6-бабын іске асыру жөніндегі бірлескен комитеттің бірінші отырысы, деп хабарлайды DKNews.kz.

2025 жылғы 12 қыркүйекте Қазақстан мен Корея арасындағы Париж келісімінің 6-бабын іске асыру жөніндегі бірлескен комитеттің бірінші отырысы өтті.

Отырыс 2024 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Корея Республикасының Қоршаған орта министрлігі арасында қол қойылған Париж келісімінің 6-бабы бойынша ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде өтті.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Энергетика, Өнеркәсіп және құрылыс, Сыртқы істер министрліктерінің, «Жасыл даму» АҚ, сондай-ақ Корея Республикасы Қоршаған орта министрлігінің және Корея экология корпорациясының өкілдері қатысты.

Тараптар парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі бірлескен халықаралық жобалардың іске асырылу барысын, оның ішінде корей тарапының электр энергиясын өндіру үшін кейіннен пайдалана отырып, полигондарда метанды ұстау жөніндегі бастамасын қарады. Мұндай жобалар Париж келісімі шеңберінде ұлттық деңгейде айқындалатын үлестің мақсаттарына қол жеткізуге елеулі үлес қосуға мүмкіндік береді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -