Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Германия Федеративтік Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Бас инспекторы Сабина Штёрмен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы әріптестікті нығайту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ шетелдегі мекемелердің жұмысына қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Серіктестікті одан әрі нығайтуға және бірлескен жобаларды дамытуға өзара мүдделілік аталып өтті.