Эстонияда Қазақстан Президентінің Жолдауы талқыланды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қазақстанның Эстониядағы Елшілігінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына арналған дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға болу елінің мемлекеттік органдарының, қоғамдық-саяси, ғылыми-білім беру, іскерлік және сараптамалық топтарының өкілдері қатысты. Қазақстанның Эстониядағы Елшісі Алтай Көлгінов биылғы Жолдауда Мемлекет басшысы IT саласын дамыту және жасанды интеллектті түрлі қызмет салаларына енгізу үшін тиісті шешімдерді енгізу қажеттігіне аса назар аударды.
Эстония тарапы бұл мәселеде Еуропада жетекші орын алатынын ескере отырып, осы бағыттағы өзара тиімді ынтымақтастықты ұсынды.
Қатысушылар институционалдық реформалар тұрғысынан Жолдаудың бір палаталы Парламентке көшу, жасанды интеллект және цифрлық даму жөніндегі жеке ведомство құру, экономиканы әртараптандыру, атом электр станцияларын салу, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту және әлеуметтік саланы қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
А. Көлгінов Жолдауда қойылған міндеттерді іске асыру шетелдік инвесторлар үшін кең мүмкіндіктер ашатынына назар аударды. Ол Эстондық кәсіпкерлерді елімізде бірлескен жобаларды іске асыру арқылы екіжақты ынтымақтастықты жандандыруға шақырды.
Бұл екі ел үшін басым салаларда – ең алдымен инвестициялар тартуға, көлік және логистика, сондай-ақ цифрландыру саласында өзара іс-қимыл әлеуетін толық көлемде және тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Сарапшылардың пікірінше, Жолдауда белгіленген бастамалар мен реформаларды уақтылы іске асыру оның жүйелі және кешенді сипатын баса көрсете отырып, Қазақстанның тұрақты және серпінді дамуына және халықаралық беделді нығайтуға жаңа серпін береді.