«Астана Балет» Оңтүстік Кореяны тәнті етті

1001
Фотосурет: Аstanaballet

«Астана Балет» театры Cheonan World Dance Festival 2025 атты халықаралық фестивальде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Аталмыш фестиваль Оңтүстік Кореядағы Чхонан қаласында 24-28 қыркүйек аралығында өтті. Іс-шараға әлемнің түкпір-түкпірінен 4000-нан астам биші жиналды. Олар түрлі мемлекеттердің мәдениетін таныстырып, көрерменге ерекше әсер сыйлады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Astana Ballet Theatre (@astanaballet)

Әлемдік сахна төрінде қазақ би өнерінің жауһарына айналған, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айгүл Тәтидің хореографиясына қойылған «Ұлы Дала мұрасы» ұлттық концерттік  бағдарламасы ұсынылды.

«Астана Балет» театрының әлемдік сахнада өнер көрсетуі қазақ мәдениетінің ғасырлар бойғы мұрасын көпшілікке насихаттауға мүмкіндік береді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -