Жапон мәдениеті Астанада: шай рәсімі, каллиграфия және үйлесім өнері

1177
Фотосурет: po.qr-pib.kz

Президенттік орталықта Жапония мәдениет күні өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

В Президентском центре прошёл День культуры Японии

ҚР ПІБ Президенттік орталығында Жапония мәдениет күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті. Іс-шара Жапонияның бай дәстүрлері мен өнерін насихаттауға, сондай-ақ қонақтарды жапон мәдениетінің түрлі қырларымен таныстыруға бағытталды.

В Президентском центре прошёл День культуры Японии

Іс-шараның ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы, Жапонияның Қазақстандағы Елшілігі және Қазақстан-жапон адами ресурстарын дамыту орталығы.

В Президентском центре прошёл День культуры Японии

Іс-шараның мақсаты – мәдени ынтымақтастықты нығайту, байланыстарды дамыту және Қазақстан мен Жапония арасындағы өзара түсіністікті тереңдету. Мереке кең аудиторияға арналды және жапон мәдениетінің бай әрі бірегей мұрасымен танысуға мүмкіндік берді.

Президенттік орталықта Жапония мәдениет күні өтті

Іс-шараның ашылуында Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова және Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Жапония Императорлығының өкілі, мәртебелі мырза Ясумаса Иидзима құттықтау сөз сөйлеп, екі ел арасындағы мәдени байланыстардың маңыздылығын атап өтті.

В Президентском центре прошёл День культуры Японии

Бағдарлама аясында қонақтар оригами, икебана, каллиграфия және фуросики өнері бойынша шеберлік сабақтарына қатысып, дәстүрлі юката киімін киіп көру мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар жапон тілі сабағы, балаларға арналған ойын бұрышы, дәстүрлі шай рәсімі және миниатюралар көрмесі ұйымдастырылды.

В Президентском центре прошёл День культуры Японии

Іс-шара барысында жапондық үстел ойындары – го және сёги таныстырылып, Жапонияның Ұлттық туристік ұйымы (JNTO) елдің мәдениеті мен туризмінің дамуы туралы ақпаратпен бөлісті.

В Президентском центре прошёл День культуры Японии

Мәдени бағдарлама аясында Льеж Корольдік консерваториясының (Бельгия) үздік түлегі, халықаралық марапаттардың иегері, танымал жапон скрипкашысы Чикако Хосода классикалық шығармаларды орындап, тыңдармандарға ерекше әсер қалдырды.

Жапония мәдениет күні астаналық көрермендерге жарқын әсер сыйлап, Қазақстан мен Жапония арасындағы достық пен мәдени ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -