Тоқаев Ресеймен академиялық әріптестікті дамытуға қолдау білдірді

1540
Фотосурет: Ақорда

Президент Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректорын қабылдады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректоры Анатолий Торкуновпен кездесу өткізді.

Мемлекет басшысы ММХҚИ-дің халықаралық қатынастар саласы бойынша білікті мамандарды даярлаудағы беделін жоғары бағалайтынын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында ММХҚИ филиалының ашылуын құптады. Қазір мұнда 100 студент білім алуда.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей академиялық қауымдастықтарының нәтижелі ықпалдастыққа ұмтылысы екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -