Қазақстан алғаш рет Азия-Тынық мұхиты аймағында Great Wall Motor халықаралық автокөлік саммитін өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.
GWM компаниясының Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жалпы сатылымының 50%-дан астамы Қазақстанға тиесілі.
Қазақстан алғаш рет аймақтағы автокөлік өнеркәсібінің басты іс-шараларының бірі – 2025 жылғы Great Wall Motor (GWM) Азия-Тынық мұхиты саммитін өткізді. Іс-шараға Қытай, Қазақстан, Молдова, Грузия, Армения, Әзербайжан, Тәжікстан, Моңғолия және Өзбекстанды қоса алғанда, Азия мен ТМД елдерінен 100-ден астам өкіл қатысты.
Саммит 28-29 қазан аралығында Алматыда өтті. Оны Great Wall Motor (GWM) International және Astana Motors (Haval және TANK брендтерімен) компаниясына қарасты GWM-нің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы ұйымдастырды. Бағдарламаға жаңа модельдер мен технологиялардың тұсаукесерлері, стратегиялық сессиялар, Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытын аралау және жаңа көліктерді сынақтан өткізу шаралары кірді.
GWM штаб-пәтерінен Қазақстанға келген құрметті спикерлер қатарында GWM International президенті Паркер Ши мырза (Parker Shi), GWM технологиялық орталығының бас директоры Лю Бао( Liu Bao), GWM гибридті жүйелерінің бас инженері Ричард Чжу (Mr. Richard Zhu), GWM Asia Pacific бас директоры Кэрол Тянь Ханым (Carol Tian), GWM International компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Ван Вэйвэй Ханым (Wang Weiwei) болды.
GWM International президенті Паркер Ши
«Қазақстан жерінде өңірлік нарықтың өкілдері мен серіктестерін қарсы алу біз үшін үлкен мәртебе. Азия-Тынық мұхиты аймағы GWM жаһандық стратегиясында шешуші рөл атқарады. Алматыда саммит өтуі Қазақстанның автокөлік индустриясы орталығы және өңірдің логистикалық хабы ретіндегі өсіп келе жатқан маңыздылығын көрсетеді. Азия-Тынық мұхиты аймағындағы GWM жалпы сатылымының 50% – дан астамы Қазақстанның үлесіне тиесілі. Бұл Қазақстанды біздің аймақтық стратегиямыздың негізгі элементіне айналдырады», - деді GWM International президенті Паркер Ши.
Ол Қазақстанның экономикасы қарқынды дамып келе жатқан, жас буыны бар Азия мен Еуропаның қиылысында орналасқан стратегиялық ел екенін ерекше атап өтті.
«Біз серіктесіміз Astana Motors компаниясымен бірлесіп, биыл Қазақстанда автокөлік өндірісін іске қостық. Бұл "Қазақстанда автокөліктеді сату" моделінен "Қазақстанда автокөліктерді өндіру және оларды басқа елдерге экспорттау" моделіне көшуді білдіреді», - деді Ши мырза.
Ол сондай-ақ Қазақстанның алуан түрлі климаты, жер бедері және жағдайлары жаңа технологияларды, соның ішінде озық Hi4 гибридті жүйесін сынақтан өткізудің тамаша алаңы болатынын атап өтті.
«Қазіргі уақытта аймақта іштен жанатын қозғалтқышы бар көліктер басым болғанымен, гибридті және электр модельдердің үлесі тез өсуде. Біз қауіпсіз және технологиялық тұрғыдан озық шешімдерді ұсыну арқылы осы үрдісті басқаруды көздеп отырмыз. Барлық жаңа GWM модельдері әлемдегі ең озық гибридті технологиялардың бірі - Hi4 жүйесімен жабдықталады. Біз GWM көліктерінің жергілікті клиенттердің қажеттіліктерін толық өтеу үшін Қазақстанда Hi4 гибридті жүйесін, қысқы пакеттерді және антикоррозиялы жабындарды нақты сынақтан өткізу мен бейімдеу жұмыстарын жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті Ши мырза.
Қазақстанға бағытталған жаңа Haval H6 FL
Компанияның жоспарына сәйкес, алдағы 18 ай ішінде Азия мен Тынық мұхиты аймағында үш мүлдем жаңа модель, бір жаңартылған флагмандық және екі рестайлинг көліктер шығарылады. Моделдер қатарына бензин, дизель және гибридті нұсқада отбасылық SUV-тен бастап премиум санаттағы жол талғамайтын көліктер кіреді.
Қазақстанда GWM алдағы жылдары Алматы мен Астанада флагмандық бренд кеңістігін ашуды және «Tank Off-Road Academy», «Haval Family Day» және «Service Elite Training Center» сияқты бастамаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұл жобалар клиенттермен, серіктестермен және мамандармен берік эмоционалды байланыс орнатуға көмектеседі.
Сондай-ақ, қазақ тілі жақын арада GWM көліктерінің мультимедиялық және дауыстық басқару жүйелеріне енгізілетіні айтылды.
«GWM International президенті ретінде мен осы бағдарламалардың жүзеге асырылуын жеке өзім қадағалаймын. Біздің мақсатымыз - GWM-нің аймақтағы ең сенімді және құрметті қытай автокөлік бренді ретінде беделін нығайту үшін қазақстандық серіктестермен, клиенттермен және БАҚ өкілдерімен бірлесіп жұмыс істеу», - деді Паркер Ши.
Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытын аралау барысы
Брендтің Қазақстан нарығына шыққаннан бері бес жыл өтті. Осы уақыт ішінде GWM елдегі өз орнын нығайтты. Дистрибуция Астана, Алматы, Шымкент сияқты мегаполистер және облыс орталықтарын қоса алғанда, Қазақстанның 20 қаласында Haval және TANK көліктерінің 50 дилерлік орталығынан тұратын желі құрып, 30 000-нан астам көлік сатты. 2025 жылдың күзінде танымал Haval модельдерінің өндірісі Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытында локализацияланып, нәтижесінде Haval Jolion, H5, H6, H9 және M6 модельдерінің бағасы төмендеді. Өз кезегінде бұл бренд көліктерінің сатып алушылар үшін одан да жақын әрі қолжетімді ете түсті.
Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытындағы робот арқылы дәнекерлеу жұмысы
«GWM - Astana Motors портфеліндегі ҚХР автоөнеркәсібінің алғашқы өкілдері болды. 2021 жылы біз дистрибьюторлық келісімге қол қойдық және сол жылы 1200 көлік саттық. Биылғы жылы біздің сатылымымыз 15 000 автокөліктен асады, нарық үлесі – 7,2%. Бренд Қазақстандағы ең танымал автокөліктердің бестігіне кіреді. Қазір төртінші орын үшін күрес жүріп жатыр. Мұның бәрі бізге Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытында Haval автокөліктер өндірісін 2025 жылдың қыркүйегінде бастауға мүмкіндік берді. Ал қараша айының ортасынан бастап Tank автокөліктерінің сынама партиясын шығарып бастауды жоспарлап отырмыз», – деді Astana Motor бас директоры Бекнұр Несіпбаев.
Astana Motors бас директоры Бекнұр Несіпбаев
Саммитке қатысушылар Қазақстан нарығына әлі шықпаған GWM жаңа модельдерін бірінші болып көруге және сынақтан өткізуге бірегей мүмкіндік алды. Қонақтар жаңа технологиялар мен дизайнды бағалап, алдағы жылдарға арналған бренд желісінің даму бағдарымен танысты.
TANK 700 Limited еdition және TANK 500 Black edition жол талғамайтын көліктерін сынақтан өткізу
GWM Азия-Тынық мұхиты аймағы саммитінің соңында штаб-пәтерден аймақтағы серіктестерге марапаттар табысталды. Салтанатты рәсімнен кейін Қазақстан марапаттар саны бойынша көш бастап, аймақтағы брендтің көшбасшысы мәртебесін растады.
Қазақстандық дистрибуция өңірдегі ең жоғарғы сату көлемі номинациясы бойынша марапатқа ие болды (Volume Performance Award).
Қазақстандағы дилерлік орталықтардың арасында аймақтағы ең үздік дилерлік орталықтардың бірі деп танылған GWM Astana Crystal, клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары деңгейі үшін Haval Al-Farabi, сатылымның динамикалық өсуі үшін GWM Kostanay және GWM Karaganda, клиенттердің адалдығын арттырғаны және аймақтық брендті танытқаны үшін GWM Aktobe және GWM Ekibastuz, қызмет көрсету сапасы мен операциялық тиімділігі үшін GWM Astana MyCar, GWM Astana Nurly Zhol және Luxcar/Haval Qalqaman орталықтары марапатталды.
«Саммиттің Қазақстанда өтуі - біздің еліміздің Азия-Тынық мұхиты аймағындағы GWM брендінің дамуына қосқан үлесін мойындау және бүкіл қазақстандық команданың жұмысын жоғары бағалау. Біз GWM дистрибьюторлық нәтижелері халықаралық деңгейде танылғанын және басқа елдердегі серіктестер үшін үлгі болғанын мақтан тұтамыз. Бұл марапат бізді алға жылжуға, брендтің ұстанымын нығайтуға және штаб-пәтеріміз қойған стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруға итермелейді. Біз GWM жалпы миссиясының аясында жергілікті өндірісті дамытуды, қызмет көрсету сапасын жақсартуды және Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуді жалғастыруды көздейміз», - деді GWM Distribution компаниясының Қазақстандағы директоры Эдуард Кузнецов.
Қазақстандағы GWM ресми дистрибуциясын марапаттау сәті
Өзбекстаннан келген серіктестеріміз де жоғары көрсеткіштер жол жеткізіп, өсу мен даму номинациясын жеңіп алды (Growth Driver Award). Goodwell Service, ADM-Aster, Haval Sergeli, Haval Jizzakh, Haval Urgench және ADM Haval Fergana дилерлері де дистрибуцияны дамыту, сату көлемінің өсуі және сатудан кейінгі қызмет көрсетудің жоғары деңгейі үшін марапаттарға ие болды.
Сондай-ақ Грузия (New Authorized Partner) мен Әзербайжандағы (Brand Loyalty Award) серіктестердің өз нарығында GWM брендінің үлесін кеңейтуге қосқан еңбектері атап өтілді.

Саммит нәтижесі Қазақстанның жетекші рөлін және аймақтағы GWM брендінің тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, бүкіл Орталық Азия нарығы үшін сапа стандарттарын айқындайтын Astana Motors желісінің кәсібилігін көрсетті.