Қазақстан мен Франция сыртқы саясатқа қатысты мұрағаттар саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

1562
Фотосурет: archive.president.kz

2025 жылғы 3 қарашада Қазақстан Президенті Архивінің директоры Әлия Мұстафина бастаған делегация Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігі архивінің директоры Венсан Браконнемен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу Архив басшылығының Францияға жұмыс сапары барысында орын алды.

Қазақстандық мамандарға архив қоймалары мен оқу залдары көрсетіліп, құжаттарды сақтау бойынша қолданылып жатқан заманауи әдістер таныстырылды. Тараптар архивті ұйымдастыру, сыртқы саясатқа қатысты қорларды жинақтау және сақтау, дипломатиялық архив материалдарына зерттеушілердің қол жеткізу тәртібі туралы пікір алмасты.

«Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві де, Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігі архиві де сыртқы саясат тарихына қатысты маңызды құжаттарды жинақтайды. Сондықтан архивтік қорларды қалыптастыру мен олардың сақталуын қамтамасыз ету, цифрландыру және дипломатиялық құжаттарға қолжетімділік беру бойынша әріптестеріміздің тәжірибесін зерделеу біз үшін маңызды. Біз сыртқы саясат бағытындағы архивтердің жұмысын ұйымдастыру саласында, әсіресе француз әріптестерімізбен тәжірибе алмасуға мүдделіміз»» Әлия Мұстафина

Кездесу барысында тараптар әрі қарай тәжірибе алмасу, бірлескен ғылыми-тәжірибелік іс-шаралар өткізу және қазақстандық мамандар үшін француз архивтерінде таныстыру тағылымдамаларын ұйымдастыру мүмкіндіктерін де талқылады.

Айта кетейік, жұмыс сапары аясында делегация Францияның Ұлттық архивтерінің директоры Мари-Франсуаз Лимон-Боннемен де кездескен болатын.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -