Қазақстан мен Словения саяси диалог пен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуда

847
Фотосурет: Gov

Қазақстан Елшісі Словения Президентіне сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан Республикасының Словениядағы Елшісі Алтай Әбибуллаев Словения Президенті Наташа Пирц Мусарға сенім грамоталарын тапсырды.

Елші Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ізгі тілектерін жеткізіп, Қазақстанның Словениямен арадағы саяси диалогты және жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бейілдігін растады.

Н.Мусар Елшіні дипломатиялық миссиясының ресми басталуымен шын жүректен құттықтап, оның қызметі екі ел арасындағы сенім мен достық әрі өзара тиімді серіктестік рухына негізделген қатынастарды жүйелі әрі кешенді жолда дамытуға ықпал ететініне кәміл сенім білдірді. Словения Президенті Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевқа ерекше ілтипаты мен алғысын білдіре отырып, 2025 жылғы наурызда Астанаға жасаған ресми сапарының өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, сондай-ақ қазақ халқының қонақжайлығы мен шынайы ықыласын ұмытылмас ерекше жылы лебізбен қабылдағанын атап өтті. Жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың барынша терең маңыздылығы ерекше аталынды.

Ресми қабылдау барысында Қазақстан мен Словения арасындағы экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттары, көлік және логистика салалары, атап айтқанда, Словенияның Копер теңіз портының Транскаспий халықаралық көлік дәлізі – Орта дәліздің логистикалық архитектурасына интеграциялануы, сондай-ақ жасанды интеллект пен цифрландыру, фармацевтика, білім беру, мәдениет және туризм салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Астананың Қазақстан-Словения Үкіметаралық комиссиясы тең төрағаларының саяси мәртебесін екі ел үкіметтерінің вице-премьерлері деңгейіне көтеру туралы шешімі мен мүдделі бизнес топтардың қатысуымен іскерлік кеңес құру процесі ерекше ризашылықпен қабыл алынды.

Кездесу соңында Словения Президенті Н.Мусар Елшіге Қазақстан мен Словения арасындағы қарым-қатынастарды нығайту жолындағы қызметіне табыс тілеп, жақын болашақта Димаш Құдайбергеннің Люблянада концертін бірлесіп ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыру жөнінде жеке тілегі мен қызығушылығын білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -