Бельгиялық журналист Қазақстан туризмінің елшісі атанды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қазақстанның Бельгиядағы елшілігінде "Қазақстан туризмінің елшісі" құрметті миссиясы табысталды.
Қазақстанның Бельгиядағы елшісі Роман Василенко «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы атынан «ҚР туризмінің елшісі» құрметті миссиясын журналист Дерья Сойсалға тапсырды. Медиа өкілі халықаралық басылымдармен белсенді ынтымақтасып, еуропалық оқырмандарды біздің елімізбен таныстырады.
«Қазақстан өзінің табиғатымен, қонақжайлылығымен және дамуға деген ұмтылысымен терең әсер қалдырды. Мен бұл ел туралы Еуропада мүмкіндігінше көп адам білгенін қалаймын» Дерья Сойсал
Атап өткен жөн, 2018 жылы Kazakh Tourism Қазақстанға туристік бағыт ретінде халықаралық қызығушылықты арттыруға бағытталған «ҚР туризм елшісі» бағдарламасын қолға алды. Оған шетелдік туризм индустриясы, мәдениет пен білім саласының өкілдері, медиа және цифрлық кеңістіктегі мамандар қосылуда. Бұған дейін құрметті миссияны Димаш Құдайберген, жапон блогері Юдзи Натсума және ҚХР инфлюенсері Таотао қабылдады.