Қазақстандық примадонна мерейтойын Париждегі концертпен атап өтті

5027
Фотосурет: Gov

Қазақстанның алтын дауысы, Халық әртісі, белгілі опера әншісі Майра Мұхамедқызы шығармашылық жолынының 30 жылдық мерейтойына орай Париждегі атақты Гаво залында жеке концертін өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кеш бағдарламасына қазақ, француз, итальян, орыс және қытай классикасының таңдаулы туындылары енді. «Біржан мен Сара», «Ер Тарғын» және «Абай» операларынан орындалған ариялар, сондай-ақ әншінің орындауындағы қазақтың халық әндері көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Сахна төрінде Майра Мұхамедқызымен бірге пианист Әлияр Өтетілеу мен Шымкент қалалық опера және балет театрының квартеті өнер көрсетті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -