Токаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары құрмет көрсету рәсімімен басталды

572
Фотосурет: Akorda

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен мемлекеттік сапармен Ташкентке келді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Біздің мемлекет басшысын Президент Шавкат Мирзиёев қарсы алды.

«Ташкент-Хумо» әуежайында мәртебелі мейманды құрметпен қарсы алу үшін Құрмет қарауылының ротасы сап түзеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті. Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік гимндері орындалып, Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді. Рәсім соңында екі ел басшылары ресми делегация мүшелерін бір-біріне таныстырды.

«Ташкент-Хумо» халықаралық әуежайында мемлекет басшылары арасында әңгіме өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев қазақ-өзбек стратегиялық әріптестігі мен одақтастығын тереңдету мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Ертең сапар бағдарламасына сәйкес президенттер келіссөздер жүргізеді, сондай-ақ олардың төрағалығымен Қазақстан мен Өзбекстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің Екінші отырысы өтеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -