Қазақстан дипломаттары аңызға айналған шайқас өткен жерде панфиловшылар ерлігін құрметтеді

671
Фотосурет: Gov

Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің дипломаттары аты аңызға айналған Панфилов дивизиясы жауынгерлерінің ұмытылмас ерлігін еске алу іс-шараларына қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

1941 жылы 16 қарашада Волоколамск түбіндегі Дубосеково өткелінде Мәскеуге бет алған неміс танкілері панфиловшылардың шебінен өте алмаған.

ҚР РФ Елшілігінің Кеңесші-уәкілі Ерлан Шамишев атап өткендей, осы қиян-кескі шайқас болашақ Жеңіске бетбұрыс бастады.

«Жауынгерлердің ерлігі қазақстандықтардың мәңгі жүрегінде, бұл естелік біздің халықтар арасындағы тірі көпір. Қарапайым жауынгерлер бір жұдырықтай жұмылып, өз өмірлерін қия отырып, жауды Мәскеуге жібермеді, вермахт әскеріне тойтарыс берді. Панфиловшылардың ерлігі мемлекеттеріміздің тарихына алтын әріптермен жазылған», - деп атап өте отырып, дипломат Волоколамск басшылығына панфиловшылар ерлігі туралы естелік үшін ризашылығын білдірді.

Өз кезегінде, Волоколамск муниципалды округі басшысының Бірінші орынбасары Сергей Шорников осы жерде Мәскеу үшін ең ірі шайқастардың бірі болғанын еске салды.

«Фашистер Волоколамск бекінісін басып алуға үлкен мән берді. Өйткені, бұл Мәскеуге тікелей жол ашты, ал астананы жоғалту саяси тұрғыдан бүкіл елді жоғалтуды білдірді. Панфиловшылардың ерлігі Волоколамск тұрғындарының мәңгі есінде. Олардың ерлігі – барлығымыз үшін және болашақ ұрпақ үшін рух пен жанқиярлық үлгісі», - деп атап өтті Сергей Шорников.

Іс-шаралар барысында дипломаттар Дубосеководағы Панфилов батырларының мемориалына және Нелидово ауылындағы бауырлас қабірге гүл шоқтарын қойды.

 316-шы атқыштар дивизиясы 1941 жылдың шілде-тамыз айларында Қазақ КСР және Қырғыз КСР азаматтарынан жасақталған. Күзде олар Мәскеу түбінде ауыр шайқастар жүргізген. Астананы қорғаудағы ерлігі үшін Қызыл Ту орденімен марапатталып, 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы болып қайта құрылған, дивизияға қаза тапқан қолбасшы, генерал-майор Иван Панфиловтың есімі берілген.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -