Қазақстан–Эстония бірлескен зауыты: даму мүмкіндіктері мен экономикалық тиімділігі

561
Фотосурет: Gov

Қазақстан мен Эстония жылуалмастырғыш жабдық шығаратын зауыт құруды талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

ҚР Энергетика вице-министрі Санжар Жәркешов Tallinna Masinatehas OU (Таллин машина жасау зауыты) компаниясының бас директоры Вадим Мартыновпен кездесті. Тараптар Қазақстанда ауа салқындатқыш аппараттар мен қаптамалы-құбырлы жылуалмастырғыштар өндіретін бірлескен инжинирингтік-өндірістік кәсіпорын құру мүмкіндіктерін қарастырды.



Tallinna Masinatehas OU – Эстонияның ең көне машина жасау кәсіпорындарының бірі. Бүгінде компания Балтық және Солтүстік өңірлерде жылуалмастырғыш жабдық шығару бойынша көшбасшылар қатарында. Зауыт артық қысымда жұмыс істейтін, соның ішінде арнайы болат маркаларынан жасалған жабдықты жобалау және өндіруде жоғары техникалық құзыретке ие.

Елімізде өндірісті локализациялау бастамасы мұнайхимия, мұнай-газ және агрохимия салаларында заманауи технологиялық жабдыққа сұраныстың артуына байланысты қолға алынып отыр. Сонымен қатар, нарықты талдау тұрақты сұраныстың бар екенін көрсетті және отандық машина жасау секторын дамытуға қосымша мүмкіндік береді.

Тараптар әріптестікті нығайтуға өзара мүдделілік танытып, ынтымақтастық өндірістік құзыреттерді кеңейтуге, өнеркәсіптік кооперацияны күшейтуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ететініне сенім білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -